Ата-аналарға » Нұрлыбаев ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2016

Ата-аналарға

                                    «Мектеп, ата- ана , оқушы арасындағы байланыс»


Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін , халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін , мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талп етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық,экологиялық,этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешкенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып , оқушыларға БҰҰ-ның құқығы , ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзәндәк жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшеоігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшеоігімен дараланады. 
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып , белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата- аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан »дейді халық. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата- ана , мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеииердің мән- маңызын түсінетін жаны да , тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді.Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектептыйым салып , дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік , кішілік , әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса , қалған 16 сағаты үйінде , болмаса ат-ананың тәрбиесінде деген сөз.Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме , сабағына қарап , оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан , көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында.Неге?Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекші сі жауап беруі керек. Ал сол баланы дүниегк әкеліп , қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген : «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі , мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы да сондай болмақ».
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, «Аулалық клубтар »т.б. сі-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез- келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып , өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.
Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі , ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса , тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, ең керек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.
Қазіргі таңда еліміздегі тұрақты дамудың стратегиялық бағыттарының қарқындылығы, қоғамның жедел саясаттануы мен ашықтығы , ақпараттанудың пәрменділігі білім берудің философиялық негіздеріне , білім алдында білім берудің философиялық негіздеріне , білім жүйесінің мақсаты мен мазмұнына, оны жүзеге асырудың әдіс –тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда.
Білім беру мекемелері мен педагогтар алдына жалпы адамзаттың құндылықтары мен ұлттық рухани мұраларды игерген , білімділігі мен қабілет- қарымы арқылы әлемдік кеңістіктен өзіне тиесілі орын алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік , тәрбиелік деңгейімен анықталады» деген сөзі білім берудің ұлттық моделіне көшкен білім беру мекемелерінің ,әрбір педагогтың мақсат- мұратына , жол басшысына айналары сөзсіз.
Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы»заңын, ҚР-да білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын,12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып , ҚР- ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш –жігерін оқушыларға сапалы білім , үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала , баланың болашағы деп шырылдайтын ата- ана ,қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ардагерлер кеңесі, әйілдер кеңесі т.б. жұмысы жандана берсін.  

                Сынып  жетекшілер мен  ата-аналар  кездесуі.

 

 

 


 


 

 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен  өткізілген

"Бала  біздің  болашағымыз " атты

тақырыпта өткізілген  жиналысы

 

                                 Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым .       

       "Ұстаз” –не бары 5 әріп. Осы 5 әріптің аясында қаншама мағыналы ой, терең мазмұн жатыр десеңізші?!
       Ғалым да шахтер бас иетін
       Ұстазым бар сенің қасиетің – деп ақын толғанғандай ұстаз алдында қандай кемеңгер болса да бас иеді.
       "Ұстаз – адам жанының инженері” деген ұлағатты зерделі ой, даналық сөз бар. Ендеше сол даналық сөзге ден қойып, зерделі ойға зер салайықшы.
       Ұстаздың басты мақсаты мен міндеті бала тәрбиелеу оған білім беру.
       Әл-Фараби айтқандай тәрбиесіз берілген білім нәтижесіз ең бірінші жас нәрестеге ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беріледі. Сол сәби ата-ана құшағында бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды.
       "Ел боламын десең бесігіңді түзе” деген осы бастау алған екен ғой.
        Келесі кезең бала – бақшадағы тәрбие осыдан кейін "мектеп” атты үлкен мұхитқа "білім” кемесіне мініп аттанады.
        Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин күтім көрген ағаштың биікке самғап түп-түзу болып өскенін, ал күтімсіз ағаштың қисық-қыныр бей-берекет өскенін өз шығармасында атап көрсетеді. Сол сияқты тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға жат, қылмыскер, жалқау, бұзақы, ниеті жаман тұлға болып шығады, ал дұрыс тәрбие алған бала тәрбиелі, адамгершілік мол, білімді де білікті қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға болып қалыптасатыны баршамызға мәлім.
      Оқу мен тәрбие-егіз екендігін мен бүгін терең  түсіндім десем еш қателеспеймін. Мен – ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен – зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын – тәрбиешімін. Өзім қазақ тілі пәнінің мұғалімімін сонымен қатар сынып жетекшісі бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Ұстаздық еткен 5 жыл ішінде мен өз іс-тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорттым.
       Бүгінгі таңда тияанақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресші бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының санасын көтеру.
      Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың саналы тәртібі мен бойымда мінезін қалыптастыру оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс- әрекетіне байланысты.
      Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадыр-қасиет сияқты биік  адамгершілік  стимулдарына айналып отыр.
       Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. "Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті” деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз даму жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіп отырған.
       Қазіргі таңдағы ағым да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтар мен өмір сүрудің ауытқушылығынан руханиятсыздық белең алуда. Сондықтан Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдаулары мен сөздеріне егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие  жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Елбасы, әсіресе жастарда қазақсатандық патриотизм сезімін оятып, тәрбиелеу қажеттігіне айрықша көңіл аудартады. Елбасымыздың бұл айтылғандарымен келесі отырып мен төмендегідей бағыттарда оқушы мен жұмыс жасаймын.
-         жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуаттың мүмкіншілігін дамыту, салауатты өмір салтының берік қағидаларын қалыптастыру, тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы оның зерде-саласын байыта түсу;
-         өз Отанын сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халық салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу;
-         республиканың қоғами-саяси, экономикалық өміріне белсене қатысуға және сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін сезінуге баулу;
-         әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін игеру, қазақ және республикада 
      тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерінің тарихын
      жете білу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту т.б.
         Өткен ғасырларға көз жүгіртсек шығыстың ғұламасы әл-Фараби:  "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін” – деген екен. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Бұған ата-ананың, ұстаздың атқаратын ролі өте зор.
           Адам тәрбиесі – үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс.
           Қазақтың тәлім-тәрбиесі – теңдесі жоқ даналық, қасиетті мектеп десен артық емес.
           Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.  Осыны жақсы түсінген халқымыз – "Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы”, "Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар” деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.
           Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімдік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы-табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс деп ойлаймын.
           Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу – мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Сол себепті жоғарыда сөзіме арқау болған мәселелерді түбегейлі шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру – баршамыздың парызымыз әрі қарымыз екені даусыз. Келешектің қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалысуға міндеттіміз, - деп сөз ой-толғауымды түйіндегім келеді. 
 
                  Өзін-өзі  тану пәнінің  мұғалімі : Үкібаева Актоты                           




 

 


 




Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив